6-07-04
сенім телефоны

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ «Алтай ауданының маслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілермен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет заңдарын бұзу факты туралы хабарламалар үшін 8 (72337) 6-07-04 сенім телефоны анықталсын.

Алтай ауданы мәслихатының кезекті 3-сессиясы өтті

Алтай ауданы мәслихатының

кезекті 3-сессиясы өтті

           Аудан әкімі аппаратының үлкен залында Алтай ауданы мәслихатының 3 кезекті сессиясы өтті.

          Депутаттар алдында Алтай ауданының қаржы бөлімінің басшысы                И.В. Пятышева сөз сөйледі, ол Алтай ауданының 2020 жылға арналған аудан бюджетінің орындалуы туралы есеп берді. ZOOM қосымшасы арқылы онлайн-трансляция режимінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Д.Амангелдіұлы Алтай ауданының 2020 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелеріне тоқталды.

          Алтай ауданының мәслихат хатшысы Л.А. Гречушникова депутаттық корпустың 2020-2021 жылдардағы жұмысы туралы есеп берді.

          Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрағасы Б.Ж. Жансейіт комиссия жұмысының қызметі туралы айтып өтті.

Төрт әкім өз округінде жүргізіліп жатқан жұмыстары мен даму перспективалары туралы айтып өтті: Полянское селолық округінің әкімі               А.А. Попукалов, Соловьево селолық округінің әкімі М. А. Тюлюбаев, Прибрежный кентінің әкімі Е. Е. Ерболатов және Зубовск кентінің әкімі В. В. Морозов.

Сессияда сондай-ақ НҚА жобалары қаралды.

Сессия күн тәртібіне шығарылған барлық мәселелер бойынша мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.